«Қорғансыздың күні». Әйгілі Мұхтар Әуезовтың туындысы Талдықорғанда алғаш рет сахналанды. Шығарма арқылы небәрі 1 сағатта Бикен Римова атындағы өнер ұжымы өткен ғасырдың кереғар тұсын көрерменге ұсынды. Қойылым барысында адамгершілік, пендешілік, мейірімділік пен қатыгездік, жанашырлық тақырыптар қатар қозғалады. Премьераны Жетісулықтармен бірге әріптесім Кәмшат Мұхамеджан да тамашалап қайтты.