Алматы облысында тұңғыш рет қырықтықшылар жарысы өтті. Бұл ел тәуелсіздігін алғалы ұйымдастырылған алғашқы республикалық чемпионат. Маусым айының екінші жексенбісі — малшылар күні мерекесіне орайластырылып отыр. Шараны «Shopanata» Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы ұйымдастырды.