Жаңа қаулы. Енді Алматы облысында «ASHYQ» қосымшасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандар сенбі-жексенбі де жұмыс істейді. Ал, жобаның үздіктері үшін 2 сағаттық жеңілдік бар. Бұл туралы өңірдегі эпидемиологиялық жағдай мен жаңа оқу жылының басталуы жайлы өткен жиында айтылды.