Панфилов ауданында жүгері жинау науқаны басталды. Шаруалар биыл аста-төк өнім алуға бекініп отыр. Облыста 95 600 гектарға дала аруын отырғызса, оның 3/1 дәл осы жазиралы өңірде. Жаздағы қолайсыз ауа райына қарамастан Жаркенттік жүгері өсірушілері рекордтық өнім аламыз дейді.