Ең үздік 10 жоба анықталды. Талдықорғанда таяуда үкіметтік емес ұйымдар арасында өткен «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі» байқаудың қорытындысы шығарылды. Аталған сайыс дәстүрлі. Өңірлік ішкі саясат басқармасы жылма-жыл ұйымдастырады. Топ жарған жеңімпаздар қайтарымсыз грант ұтып, тың идеяларын іске асыруға мүмкіндік алады.