Кербұлақ ауданына қарасты Сәмен батыр ауылында музей ашылды. Мұражай Аңырақай шайқасында ерен ерлік көрсеткен қолбасшы – Сәмен Дәненұлына арналды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жоба, қоғам қайраткері, әрі батырдың тікелей ұрпағы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевтың бастамасымен іске асты. Өнегелі істі ұлықтау шарасына облыс әкімі арнайы барып қатысты.