Ол жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ жері мен елінің азаттығы үшін күрескен. Ұрыстарда қолға түсіп, жау қолынан қапыда көз жұмған. Айта кетейік, батыр ескерткішінің орнатылуына Алатау ауданы әкімдігі ұйытқы болған. Игі шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.