Алматы облысында аутизм және ментальді бұзылулары бар балаларға арналған орталық ашылады. Жаңа білім мекемесі келер жылдың қаңтарынан бастап жұмысын бастайды. Елбасының «Қамқорлық» бағыты бастамасымен қолға алынған жобаға жергілікті бюджеттен 9 млн. теңге бөлінген. Бұл туралы бүгінгі облыстық мәслихаттың кезекті отырысында айтылды. Арнайы комиссия Аутистік спектрдің бұзылуы бар жеткіншіктердің білім алуы, дәрі-дәрмекпен қамту, тұрғын үй беру жолдары мәселелерін қарастырды. Бүгінгі таңда өңірде ерекше білім беруді қажет ететін – 14 579 бала бар. Тең жарымы оқумен қамтылған. Алдағы 4 жылда тағы 15 инклюзивті қолдау кабинетін ашу жоспарланып отыр. Айта кетсек, Алматы облысында аутизмі бар 521 бала анықталған. Қатарында үйде қызмет көрсету жағдайында 29ы бар.