Алматы облысында балаларға ковидке қарсы вакцина салу басталды

0
316

 

Алматы облысында балаларға ковидке қарсы вакцина салу басталды. Жалпы өңірге 46 800 доза АҚШ-тың Файзер вакцинасы жеткізілген. Бұл, жүкті, бала емізіп отырған әйелдер мен балаларға арналған. Жалпы жасөспірімдер ата-ананың я болмаса заңды тұлғалардың келісімінен кейін ғана егілетін болады. Облыс бойынша Phizer Комернатимен 225 810 адам вакцинациялауға жатады. Оның ішінде 147 мыңы 12 мен 17 жастағы балалар болса, 34 мың 510-ы жүкті әйелдер. Талдықорғанда бүгінгі күні екпе алуға ниет білдірген 119 бала бар. Соның 6-ы алғашқы күні келіп вакцина салдырды. Бірі 17 жастағы Сұлтан Жәнібек. Ол осыған дейін коронавируспен ауырған. Салдарынан шашы түсіп, зейіні нашарлапты. Ата-анасымен ақылдаса келе, Індеттен сақтану үшін вакцина қабылдауды ұйғарыпты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here