Осы мен өлмейтін шығармын?! Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын…9 ақпан – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Халқының сүйіктісі, жауһар жырдың марқасқасы осыдан дәл 91 жыл бұрын дүниеге келді. Ол – халық ақыны. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың өзі: «Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі» деген болатын. Осыған орай ақын рухын ұлықтағандар жер-жерде ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.