Әр журналист ең алдымен мемлекетшіл азамат болуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында отандық баспасөздің бүгінгі беталысына да тоқталды. «Қазақ журналистикасының деңгейі төмен деп айтуға болмайды. Керісінше деңгейі жоғары деп күмәнсіз айтуға болады.» , — деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ, елімізде заң бойынша цензура жоқтығын жеткізді.