«Шопан ата» қауымдастығы қауырт қимылға көшті. Ел өңірлерінде құрылтай өткізе бастады. Саланы дамытуға белсене кіріскендер алдында – Жетісулық шаруалар тұр. Талап -тілек, ұсыныстарын билікке ашық жеткізіп жатыр. Талдықорғанда өткен құрылтайға Алматы облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев қатысты.