Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін қазақстандықтардың пікірі ескерілуі тиіс. Яғни, республикалық референдум өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында мәлімдеді. Еске салсақ, Қазақстандағы мұндай референдум соңғы рет 1995 жылы ұйымдастырылған. Президент, сондай-ақ «Біз әртүрліміз – біз теңбіз» дей отырып, ұйым қызметінің басым бағыттарын айқындап берді.