Мереке мәнін де, сәнін де кіргізетін түрлері мен тілдері алуан, тілектері бір – тұрғылықты халқы. 60 пайыздан астамы – қазақ. Қалғаны қиын-қыстау кезеңдерде Қаратал топырағына қоныс аударғандар. Бүгінде ынтымағы жарасқан бір жұрт. Аға буын ұлтаралық татулықты ту етіп келеді. Бала буын да қадірін жете түсінеді. Тәлім-тәрбие айғағы.