Ел басына күн туған қиын-қыстау заманда Жетісу жеріне де түрлі ұлт өкілдері табан тіреп, киелі мекеннен пана тапты. Бауырмал қазақ халқымен бір нанды бөліп жеп, бір үйдің баласындай етене араласты. Міне, соның нәтижесінде өңірде орыс, кәріс, ұйғыр, шешен сынды түрлі ұлт өкілдері ауызбіршілікпен тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бірлік күніне арналған мерекелік шара Жастар саябағында бар сән салтанатымен өтті. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев көршілік қуанышына ортақтасты.