Солақай саясат қиып түскен дарынды да, қарымды қазақтардың бірі – Қапез Байғабылов. Ол ең алдымен ағартушы-қайраткер ретінде аймағына танылған «ұстаздардың ұстазы» атанды. Тек бұл емес. Қазақтың ақындық-сазгерлік дәстүрлі өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғаға айналды. Қуғынға ұшырағаннан кейін сазгер әндерін жұртшылық амалсыз тығылып айтуға мәжбүр болыпты. Ал бүгінде талант туындыларын әлеует әр жерде қосылып шырқауға әзір.