Жетісулықтардың жеңісі. Талдықорғандық «ГОРЕЦ» хореографиялық ансамблі халықаралық байқауда топ жарды. Олар Өзбекстанда өткен «Жан тәніңмен биле» атты жарыста Гран-при және Супер-Гран-приді жеңіп алды. Бүгін жүлдегерлерді ата-аналары мен өнер ұжымы күтіп алды.