Бұл туралы бүгін мәслихаттың кезектен тыс 6- шы сессиясында белгілі болды. Сондай ақ жиында облыс бойынша тексеру комиссиясы төрағасы міндетін атқарушы лауазымына Қуаныш Сағынбаев уақытша тағайындалды. Мәслихат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдады. Айта кетейік, Тексеру комиссиясының міндеті – ол, жергілікті бюджеттің атқарылуын және қаржылық бақылауды жүзеге асыру. Мәслихат Есеп комитетінің ұсынысымен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісімі бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасы қызметке тағайындалады. Сессияда қаралған тағы бір мәселе – облыс әкімінің халықпен кездесулерінің күнтізбесін келісу туралы шешіміне өзгеріс енгізілді.