Ескірген инфрақұрылым жаңартылмақ. Жаңа облыс орталығында кәріз жүйелері ауыстырылады. Бұл құрылғылар 50 жыл тарихы бар Қонаев шаһарында тозып тұр. Жаңартуды қажет етеді. Қазір бұл іске Алматы облысының әкімі отандық және шетелдің инвесторларын тартып жатыр. Солардың бірі – Халықаралық қаржы мекемесі. Өңір басшысы компания өкілдерімен кездесіп, жоспарды іске асыру мәселесін талқылады. Айта кетейік, бұл кәсіпкерлер еліміздің 27 ірі қаласының инфрақұрылымын реттеген.