Талдықорғанда ауыл жасөспірімдері арасында Еліміздің жазғы спорттық ойындары жалғасып жатыр. Бүгін волейболшылар бәсекесі өз мәресіне жетті. Жетісу облысының қыздар құрамасы финалда Қызылордаға жол беріп, күмістен алқа тақты. Ал, ұлдар бойынша Ақтөбеліктер топ жарды.