Бүгін компания басшылары Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Қытайлық инвесторлар Еңбекшіқазақ ауданындағы Боғұты кен орынында вольфрам өндірмек. Құрылысын 2021 жылы бастаған. 2023 жылы толығымен аяқтамақ. Жобаның жалпы құны 270 млн доллар. Қаржы құйып отырған Гонконгтық Jiaxin\ЖӘШИН\ International Resources Investment Ltd компаниясы. Аталмыш жоба іске қосылса тәулігінен 10 мың тоннаға дейін кен өндірмек.