Сайлауда да қалалықтарға қарағанда, далалықтар ширақ. Бүгін Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мегаполис тұрғындарының белсенділігі тек түс ауа артқанын мәлімдеді. Бүгін Алматыда сағат 14.00 ге тек, 24 те 17 пайыз адам дауыс беріпті. Ал, ауылдағы ағайын ерте тұрып, ерте қимылдайды. Сайлауда да басым бөлігі түске дейін дауыс беріп үлгереді. Бұл қатарда айдынды Алакөл ауданының тұрғындары да бар.