Алматыда ақын Көдек Байшығанұлының 3 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Әрі ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара «Көдек Байшығанұлы – заманның шындығын айтқан, әділдік үшін күрескен ақын» деген атаумен ұйымдастырылыпты. Конференцияға ғалымдар мен қаламгерлер, әдебиет және өнер зерттеушілері сондай-ақ өнер қайратерлері қатысты.