Елде 255 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Бұл дегеніміз 130 мыңға жуық үй. Алда көктем. Су тасқыны қауіпі жоғары кезең. Сондықтан жауапты министрліктер мен облыс басшылары алдын алу шаруаларын күшейту керек. Үкіметте қаралған негізгі мәселенің бірі осы.