Алматы облысында жылыту маусымы басталғалы 180-ге тарта өрт оқиғасы тіркелген. Оның тең жартысы көмір жағып отырған тұрғын үйлерде болған. Яғни, қарапайым халық пештерді дұрыс қолданбаған. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, оқыс жағдайлардан 5 адам қаза болыпты. Олардың ішінде екеуі бала. Мамандар, қауіптің алдын алу үшін профилактикалық шараларды күшейтті.