Сарқан ауданында Шаңғымен жүгіруден Жетісу облысының чемпионаты өтті. Оған аймақтың түкпір-түкпірінен 150-ге жуық спортшы қатысты. Олар жас ерекшелігі бойынша 6 топқа бөлінді. Айта кетейік, бұл бәсеке шаңғышылар үшін аса маңызды. Өйткені, жеңіске жеткендер облыс құрамасына алынып, Қазақстан біріншілігіне қатысады.