Алматы облысының Өзбекстан Республикасымен тауар айналымы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 167,8 млн долларға жеткен. Осы көрсеткішті одан әрі көбейтіп, нығайту үшін өңірге жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасының елшісі Саидикрам Ниязходжаев келді. Көршілес ел өкілін өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев қабылдады. Кездесу барысында Сауда экономикалық ынтымақтастық, өңіраралық байланыс, еңбек мигранттарын тарту мәселелері талданды.