Салауатты отбасы — салауатты ұлт! Халықаралық отбасы мереке күнін Жетісулықтар да атап өтті. Бүгін Талдықорғанда жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту мақсатында отбасылық эстафеталық марафон ұйымдастырылды. Шара барысында ата-аналар мен балалар түрлі спорт түрлерінен өз ара сынға түсті.