Жылқы жылы Ақсу ауданы Көлтабан ауылының оқушылары үшін қуанышты жаңалықпен басталды. Себебі жергілікті балалар үшінші тоқсанды жаңа мектеп ғимаратында жалғастыруға мүмкіндік алып отыр. Бүгін орта білім беру ордасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қатысып, аймақ басшысы Бейбіт Исабаевтың құттықтауын жеткізді. Ол өз сөзінде заманауи мектептің білім сапасын арттыруға жол ашатындығын атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






