Енді Алматы облысының «Құрметті азаматы» төсбелгісі жылына екі мәрте беріледі. Мәртебелік атақ саны оннан он беске дейін ұлғайтылады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отырысында белгілі болды. Жиында Алматы агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының шекарасын өзгерту туралы мәселелері қаралды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.