Елордада Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен «АФМ online» конференциясы өтті. Онлайн режимдегі пікірталасқа еліміздің 35 жоғары оқу орнынан 20 мыңнан аса студент қатысты. ВИДЕО: Алматы облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен байланысқа шықты. Ауқымды іс-шарада қаржы пирамидаларын тану, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Жауаптылардың айтуынша, соңғы уақытта өңірде интернет алаяқтыққа қатысты жағдайлар көптеп тіркелуде. Айта кетейік, биыл мұндай қылмыспен айналысқан 10 сайт және 180 чат бұғатталған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.