Агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін фермерлер тек субсидияға иек артпауы тиіс. Бүгін Премьер министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай деді. Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ол өңірдегі агроөнеркәсіп кешені өкілдермен кездесті. “Мемлекет аграрлық саланы арнайы бағдарламалар негізінде қолдай береді. Тек, саладағылар да заманауи агротехнологияны қолдану арқылы тиімділікті арттыруы тиіс”, -деді ол.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.