Өңір өркендеуіне сеп болмақ. Қонаев қаласына Нидерландыдағы Уэстленд муниципалитетінің мэрі келді. Алматы облысының әкімі Бауке Арендсті қабылдап, ауыл шаруашылығы саласы арынды дамыған голландия тәжірибесіне үңілді. Жалпы бұл елдің заманауи технологиялары мен қолданыстағы әдіс-тәсілдерін әлемнің көптеген елі пайдаланып отыр. Осы тұста нидерландтықтар өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, ауылшаруашылығындағы қандай да бір іске қолдау білдіруге келіпті. Марат Сұлтанғазиев меймандарға Алматы облысының аграрлы аймақ екенін айтып, бүгінгі күндегі жетістіктері мен көрсеткіштерін таныстырды. Негізгі саланың кей бағыттарында голландиялық технологиялар қолданылып, голландық асыл тұқымды мүйізді ірі қара бар екенін жеткізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.