Текелілік ақын Қыдыр Байдүйсеновтың «Ауылым Сарноқайдың бөктерінде» деп аталатын кезекті өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақынның жылдар бойы жинақтаған жыр-толғауларын топтап, кітап етіп шығаруға жерлестері достары демеушілік жасаған. Тұсау кесер салтанатты шарасы Ескелді ауданына қарасты Сырымбет ауылында өтті.