Шомылу маусымы басталғалы Алматы облысында 10 адам суға кетіп, көз жұмған. Олардың біреуі 14 жасқа дейінгі бала. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері баспасөз брифингінде айтты. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған жерлерде болып отыр.