Республика күніне орай Қаратал ауданында тарихи-өлкетану музейі ашылады. Жаңа ғимаратта тас дәуірінен бастап бүгінге дейін құнды экспонаттар қойылмақ. Бүгін мұражай қорына есімі киелі Қаратал өңірі халқына кеңінен таныс, ел қорғаған батыр Тілеғұл Тілеубайұлының шапаны мен жеке мөрі табысталды.