Қазақстандық «ZETA GROUP» компаниясының тауарлары Еуропада саудаланбақ. Енді Zeta-ның 3 түрлі өнімі шет елдегі 1600 дүкен сөресіне қойылады. Бұл туралы компанияның вице-президенті Мақсұт Омарбаев мәлімдеді. ZETA қазір мемлекетке 6 миллиард теңге шамасында салық төлеп отырған, үлкен кәсіпорынның бірі.