Биыл Үштөбе қаласында 40 пәтерлік үйдің құрлысы бастап, жыл соңында пайдалануға берілді. Келесі жылы бюджет есебінен екі 60 пәтерлі, және 20 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталады, қазіргі уақытта жобалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл жайында облыс әкімі Қаратал ауданының халықпен кездесуі барысында мәлімденді. Бейбіт Исабаев өңірге барған сапарында әлеуметтік нысандардың құрысымен танысты. Жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар берді.