Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы да қаңтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. «Осыдан тура бір жыл бұрын қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз жандар нақақтан қаза болды. Бүгінгі жалпы отырысымызды қаңтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан бастауды ұсынамын», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. Жиында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов жауап берді.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.