Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады. Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден басталды. Мұнан соң, Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне барды. Президентке Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолы, әскери қызметі, тарихи-этнографиялық, георафиялық зерттеулері және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов жайлы жазылған еңбектердің бәрін оқып шығыпты. Ғалымның зерттеу жұмыстарымен жақсы таныс екенін айтты. Сонымен қатар, музейдегі жәдігерлерді әлі де толықтыра түсу керек екеніне назар аударды. «Құрметті қонақтар кітабына» қолтаңбасын қалдырып, музей қызметкерлерімен әңгімелесті. Айта кетелік, өткен жылы Президент басшысының тапсырмасы бойынша аталған музейге және осы мәдени-туристік нысанға баратын жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Мұнан соң Президент Жетісу облысының туристік әлеуетімен танысты.