Елімізде өндіріс мамандары тапшы. Сондықтан, Алматы облысы орталығында оқушыларды осы бастан аталмыш салаға қызықтыру қолға алынып жатыр. Қонаевтағы мектеп балалары Арна ауылындағы «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясын аралап, мамандардың жұмысымен танысты.