Алдағы бесжылдық шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы керек. Мемлекет басшысы Үкіметке кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Өйткені орта бизнес ел экономикасын дамыту ісінде басты рөл атқарады. Жаңа бастамаларды қонаевтық кәсіпкерлер қуана қабылдады.