Шебердің қолы алтын. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Дәулет Дәркембайұлының қолынан келмейтіні жоқ. Ағаштан, теріден, темірден түрлі бұйымдарды жасайды. Ісіне адал, қазақтың қолөнерін дамытып жүрген жан бүгінге облыс мақтанышына айналған.