Жыл басынан бері Алматы облыстық сауда және тұтнушылардың құқығын қорғау департаментіне 450-дей шағым түскен. Жартысынан көбі «Е-өтініш» арқылы жолданған екен. Бүгінгі күні шағымдардың барлығына жауап қайтарылды – дейді, департамент басшысының орынбасары Ұлан Сағадиев. Нәтижесінде азаматтарға 7 миллион аса қаржы сапасыз өнім мен қызмет үшін кері қайтарылған. Халықтың 50 пайызы бөлшек сауда орындарынан алған тауарларына көңілдері толмаған көрінеді. Баспасөз жиынында тұтынушылардың азық-түлік емес тауарларды айырбастау және қайтару, сапасыз сатылған тауарлар бойынша құқықтары жиі бұзылатыны айтылды. Сапасыз қызмет пен тауарды азайту мақсатында департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында үкіметтік емес ұйым құру бастамасын көтеріп отыр. Белсенділер болса, бірлесе жұмыс жасап адал кәсіп үшін күрессек деп – ұсыныс айтты.