1 қыркүйек білім күні жақындап келеді. Алматы облысындағы кей балалардың көңілі алаң елең. Өйткені, жаңа оқу жылында өз мектептеріне бара алмайды. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Мәселен, Кеген ауылында құрылыс жұмыстары 2 бірдей мектепте жүргізіліп жатыр. Бірі Өзек Жаңабаев атындағы орта білім беру мекемесі.