Астана қаласында Алматы және Жетісу облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтеді. Ол қыркүйектің 23-24 күндеріне белгіленген. Бүгін Іле ауданына қарасты Ақши ауылынан жүк тиелген көліктер еліміздің бас қаласына жол тартты. Жыл сайын ұйымдастырылатын шараға қос өңір шаруалары 400 тоннадан аса өнім апармақ. Естеріңізге сала кетейік, аталған жәрмеңке ауылшаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тұрғындарға тікелей, яғни делдалсыз ұсынуға мүмкіндік береді. Мұның артықшылығы – өнімдердің бағасы нарықтық бағадан 10-20% – ға төмен болады.