Алматы облысында қаңтардағы дүрбелеңде сауда үйін тонаған күдікті ұсталды. 27 жастағы жергілікті тұрғын Қарасай ауданының азаматы. Бұрын сотталған. Одан бағасы қымбат 12 смартфон мен 4 планшет айғақ зат ретінде тәркіленді. Жалпы, аудан бойынша қазіргі таңда тонау дерегімен 20 күдікті анықталып, олардан 200-ден астам тұрмыстық және компьютерлік техника табылған. Қаңтар оқиғасына қатысы бар азаматтарды анықтау мақсатында ауданда кешенді шаралар жалғасып жатыр. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар қаралып, куәгерлерден түсініктеме жинастырылуда.