164 лауазымды тұлғаға 5 млн теңге айыппұл салынды. Бұл Алматы облысында республикалық маңызы бар автожолдарды өз деңгейінде ұстамағаны үшін салынған айыппұл сомасы. Бұл жөнінде облыстық прокуратура мен полиция департаментінің бірлескен отырысында белгілі болды. Шенділер автомобиль жолдарына сапалы қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту, жол – көлік оқиғалары мен жолдардағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.