«Біртұтас ұлт – бір тұтас әскер». Алматы облысында осындай атаумен оқушыларға арналған әскери оқу-жаттығу өтті. Оған өңірдің барлық ауданынан келген «Жас сарбаз» әскери қозғалысының мүшелері қатысты. Қонаев гарнизонына қарасты №32363 әскери бөлімнің қызметкерлері балаларға түрлі ұрыс көріністерін көрсетіп, әскери техникалардың қыр-сырымен таныстырды.