Бүгін республика бойынша барлық мемлекеттік архивтерде ашық есік күні өтуде. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мұрындық болған шараға қатысушылар көп. Астана қаласының білімгерлері Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында болып, қолға тие бермейтін құнды жәдігерлерді тамашалады.